Алматыда полицейлер ұрланған тауарды сатып алушыларды залалсыздандырды
Алматы полициясы жыл басынан бері ұрланған тауарлардың 7 ірі сатып алушыларын залалсыздандырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Олардан барлығы 750-ден астам ұялы телефон, 60 ноутбук және 5 планшет тәркіленді.
«Тағы бір рет еске салайын, заңнамаға сәйкес ұрланған заттарды сатып алу ҚР ҚК-нің 196-бабы «Біле тұра қылмыстық жолмен алынған мүлікті сатып алу немесе сату» бойынша қылмыстық жауаптылық қарастырылған. Санкция 20-дан 160 АЕК-ке дейін айыппұл салуды немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Алайда, іс жүзінде жеңіл ақшаны сүйетіндердің қылмыстық саудасының эпизодтары өте көп. Олардың заңсыз әрекеттері арнайы іс-шаралар кезінде жойылды. Екі жағдайда Қырғызстан азаматтары ұрланған телефондар мен гаджеттермен ұсталды», – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Бұрын хабарланғандай, Алматыда ұрланған заттардың ірі сатушысы сотқа тартылды. 24 жастағы жігіттің қылмыстық әрекеттері полиция қызметкерлерімен өткен жылдың қараша айында анықталып, құжатталған.
«Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша, Алматы облысы, Қарасай ауданында рұқсат етілген іздеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде әртүрлі модельдегі ұялы телефондар табылды және тәркіленді. Осы мобильді құрылғыларды тексеру кезінде ұрланған тізімге енгізілген 43 гаджет анықталды. Олардың шынайы иелері анықталып, қылмыстық іс аясында жауап алынды», – деп еске алды Берік Әбілбеков.
Күдікті қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәсін толығымен мойындады. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталды, оның материалдары ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 528-бабына сәйкес Алмалы ауданының прокуратурасына, содан кейін сотқа өткізілді.