Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тазаланбаған аумақ үшін павлодарлық тұрғын жауапкершілікке тартылды

Тазаланбаған аумақ үшін павлодарлық тұрғын жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бөлімшелерінің қызметкерлері қаланың абаттандырылуын бақылау бойынша тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

Қала аумақтарын кезекті тексеру кезінде полиция қызметкерлері қалалық ұйымдардың бірінде металл қабылдау пунктінің қоқыс жинау фактісін анықтады. Кейін аталған ұйымның аумағын тазалауға жауапты ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 505-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұловтың айтуынша, 2021 жылы абаттандыру ережелерін бұзудың шамамен 52 фактісі анықталған. Барлық тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, аталған бапқа сәйкес осы бұзушылықтар ескерту жасауға немесе 300 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға әкеп соғатынын атап өтті.

Полиция қызметкерлері азаматтарды, ұйымдардың иелерін, жеке кәсіпкерлерді жақын маңдағы аумақтардың, аулалардың, көшелердің тазалығын сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру