Алматыда полиция 150 мың бейнебақылау жүйесінің мүмкіндігін пайдаланады
Алматыда полиция 150 мың бейнебақылау камерасының мүмкіндігін пайдаланады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ПД бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктерін пайдаланудың тиімділігі туралы айтты.
Полицияның жедел басқару орталығында 45809-ға жуық бейнебақылау жүйесі орнатылса, оның 25840-ы білім беру нысандарында орнатылған. Жыл басынан бері бейнебақылау жүйелерінің көмегімен 2183 қылмыс ашылып, 15310 қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі анықталды.
Бұрын хабарланғандай, бүгінде Алматыда қалалық бейнебақылау жүйесін нақты уақыт режимінде басқаруға, болып жатқан оқиғаларға жедел жауап беруге, сондай-ақ тұлғаны тану функцияларын пайдалануға мүмкіндік беретін Бірыңғай бейнебақылау платформасы жұмыс істейді.
Жалпы алғанда, жүйе жол қозғалысын басқарады және қауіпсіздік бейне-аналитикасының функцияларын орындайды. Жүйенің енгізілуімен қалада қылмыс деңгейі төмендеуде.