Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция алимент пен айыппұл төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды іздестіріп жатыр

Алматыда полиция айыппұл мен алимент төлемей жүрген азаматтарды іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда 12-14 наурыз аралығында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараны Алматы қалалық полиция департаменті мемлекеттік кірістер департаментімен және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаттары:

• Салық бойынша өтелмеген, төленбеген айыппұлдары, алименттері бар адамдарды анықтау.

• Көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра көлік тізгіндеген жүргізушілерді анықтау.

• Жалған тіркеу нөмірлері бар көліктерді пайдалануды болдырмау.

• Сот қаулысымен және сот орындаушыларымен шектеу қойылған көліктерді анықтау.

Әрекет ету шаралары:

• Берешегі анықталған адамдар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

• Ереже бұзған көліктер анықталып, айыппұл тұрағына орналастырылады.

Полиция кеңесі:

• Салық, айыппұл және алимент бойынша қарыздарды уақытылы өтеу.

• Көлік құралдарын пайдалану кезінде заң талаптарын сақтаңыз.

• Іс-шара аясында құқық қорғау органдары мен сот орындаушыларына көмек көрсету.

Полиция қала жолдарында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру