Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция азаматтарды "Жолда қабылдау" науқанына шақырады

Алматыда полиция азаматтарды "Жолда қабылдау" науқанына шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3-4 қазан күндері Алматы қаласында республикалық "Жолда қабылдау" науқаны өтеді.
Бұл жоба аясында әрбір қала тұрғыны мен қонағы полиция қызметкерлерімен тікелей тілдесіп, кеңес алып, көкейінде жүрген сауалдарын қоя алады.

"Жолда қабылдау" форматы алматылықтар үшін әдеттегі іс-шараға айналып, өзінің маңыздылығын дәлелдеді. "Заң мен тәртіп" қағидатына орай, Алматы полицейлері қоғаммен ашық диалогты жалғастыруда.

Осы күндері қаланың орталық көшелерінде стационарлық қабылдау пункттері, сондай-ақ 8-747-733-10-20 нөмірі бойынша жедел желі мен WhatsApp қызметі жұмыс істейді. Әрбір азамат жол қауіпсіздігі, көші-қон саясаты және полиция қызметінің өзге де бағыттары бойынша сұрақтарын қоя алады.

Сонымен қатар тұрғындардың қолайлылығы үшін әкімшілік полиция, көші-қон қызметі мен жергілікті полиция қызметі басқармасы басшыларының қатысуымен тікелей эфирлер өтеді.

Полиция барлық қала тұрғынын науқанға қатысып, шаһарда сенім мен қауіпсіздік ахуалын бірге қалыптастыруға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру