Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсету курсы өткізілді

Алматыда полиция қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсету курсы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық ПД қызметтері мен бөлімшелерінің 980 қызметкері алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқудан өтті. С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде кезекті тәжірибелік сабақ өткізілді.

Жарақаттар мен жазатайым оқиғаларға алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша сабақтар топтамасы тұрақты түрде өткізілетінін естеріңізге саламыз. Бұл тәжірибелік сабақтар теориялық әдебиеттер мен алғашқы медициналық көмек қобдишаларын таратумен қатар жүреді. Тәжірибеде полиция қызметкерлері зардап шеккендерге немесе босанған әйелдерге алғашқы медициналық көмек көрсететін жағдайлар кездеседі. Зақым келтіріп алмай, оны дұрыс жасау маңызды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Ержан Ұзабаев.

Сонымен қатар полицияда Алматыда “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасының келесі кезеңі жүргізіліп жатқанын айтып өтті.

Атап айтқанда апаттық оқиғаларының деңгейін төмендету және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, оған қатысушылар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қадағалауға, тиісті қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмыстар мен басқа да заңсыз көріністерді дер кезінде алдын алуға және жолын кесуге ерекше назар аударылады, – деді Ұзабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру