Алматыда полиция жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Алматыда полиция жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласының Түрксіб ауданында құқық қорғау органдары түнгі рейдтер жүргізді. “Заң мен тәртіп” қағидасы аясында өткен іс-шара барысында полицейлер кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қоғамдық орындарды жіті тексерді.
Рейд кезінде тәртіп сақшылары мен Түрксіб ауданы комьюнити орталығының резиденттері заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта жүрген жасөспірімдерді анықтады. Сонымен қатар көңіл көтеру орындары, интернет-клубтар және басқа да қоғамдық нысандарға тексеру жүргізілді. Полиция өкілдері ата-аналармен профилактикалық әңгімелер өткізіп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.
Мұндай іс-шаралар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға, олардың қауіпсіздігін нығайтуға және ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Түрксіб аудандық полиция басқармасы мен Түрксіб ауданы комьюнити орталығының резиденттері алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра бермек.