Алматыда қала тұрғындарының пәтерлерін тонаған сериялық ұры ұсталды
Алматыда қала тұрғындарының пәтерлерін тонаған сериялық ұры ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұры - 30 жастағы Алматы облысының тұрғыны, ол қалада бірнеше рет ұрлық жасады деген күдікке ілінген.
- Полицияға шаһар тұрғындарынан пәтерлері тоналды деген бірнеше арыз келіп түсті. Негізінде, "қонақтар" алтын бұйымдарды, ақшаны ұрлады. Бөтен адамдардың үйлері бір тәсілмен және тек күндізгі уақытта ашылды. Іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Ұрлық жасады деген күдікпен құлыптарды ашатын құралдары бар, бұрын сотталған ер адам ұсталды, - деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеудің осы сатысында, ұсталған азаматтың пәтер ұрлығының осыған ұқсас төрт эпизодына қатысы бар екендігі анықталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.