Алматыда қару-жарақ дүкенін тонап кеткен тонаушылар ұсталды
Алматыда қару-жарақ дүкенін тонап кеткен тонаушылар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл жолы Алматыдағы жоғары оқу орындарының екі студенті бөтеннің мүлкіне қол сұққан.
– Бұл Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны. Олар 20 жаста. 6 қаңтарға қараған түні қаскөйлер қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан. Олар ол жерден қару-жарақ, оқ-дәрі, арнайы техника және басқа да құрылғыларды ұрлаған. Күдіктілер кінәларын мойындап, қылмысты қалай жасағандарын айтып берді. Олар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тексеру жалғасуда, – деді Медеу аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.
Спикердің айтуынша, ұсталғандардың жеке басы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде орын алған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде.