Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматының орталығынан қару-жарақ арсеналы табылды

Алматының орталығынан қару-жарақ арсеналы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қойма ағымдағы жылдың қаңтар айының басында болған жаппай тәртіпсіздіктердің ошағынан табылды.

– Жедел іс-шараларды жүргізу барысында “Самал” ықшамауданында Мемлекеттік мұражайдың жанынан қызметтік-іздеуші ит арсенал қоймасын тапты. Жасырылған жерден травматикалық қарулар мен гранаталар тәркіленді. Жақын жердегі қоқыс жәшігінен патрондар табылды: 12 калибрлі – 19 дана, 7,62 калибрлі – 7 дана, 5,45 калибрлі – 4 дана. Оқ-дәрілердің тиесілігі тексеру барысында анықталады, – дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру