Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда көлік айнасын ұрлаған ер адам ұсталды

Алматыда көлік айнасын ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алғашқы арыз полицияға 15 қаңтарда келіп түсті. Белгісіз біреу қала тұрғынының Mercedes көлігінен бүйір айналарын ұрлап кеткен.

Бірнеше күннен кейін тағы үш бірдей сигнал келді.

– Жедел-іздестіру шаралары барысында ұрлық жасаған күдікті ұсталды. Ол 30 жастағы Ресей Федерациясының азаматы болып шықты. Негізінен ол Mercedes көліктерінің бүйір айналарын ұрлаған. Шамасы, оларды сатуды жоспарлаған. Қазіргі уақытта оның 3 ұрлық жасағаны дәлелденді. Басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау жалғасуда, – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Ұсталған азаматтың тұрғылықты жерінен полиция қызметкерлері бүйір айналардың бірнеше жиынтығын тәркіледі.

Анықталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру