Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қаза тапқан полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Алматыда қаза тапқан полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Қазақстан полициясының 33 жылдығына арналған идеялық-имидждік науқан аясында Алатау аудандық полиция басқармасында қаза тапқан ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған ескерткішке салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды.

Іс-шараға Алматы қалалық полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер, жеке құрам, қаза тапқан қызметкерлердің отбасылары, сондай-ақ қызметтік жолын енді ғана бастаған жас қызметкерлер қатысты.

- Заң мен тәртіп жолында жанын қиған әріптестерімізді еске алу жай ғана құрмет емес. Бұл ұрпақтар сабақтастығына негіз. Олардың ерлігі - жас қызметкерлер үшін өмірлік бағдар, қауіпсіздіктің қандай жолмен келгенін еске салу. Біз олардың есімдерін ешқашан ұмытпаймыз, - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Әділғожа Құсайынов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру