Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда Қазақстан полициясы күніне арналған ақпараттық-имидждік науқан басталды

Алматыда Қазақстан полициясы күніне арналған ақпараттық-имидждік науқан басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті “Ішкі істер органдары туралы” Заңға қол қойды. Бұл Қазақстан полициясының міндеттері мен функцияларын, оның құқықтарын, ІІО қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктері мен құқықтық қорғалуын анықтаған алғашқы акт болды.

Қазақстан полициясының тарихы сол кезден басталады. Ішкі істер Министрлігінің жаңа рәміздері мен бірыңғай киім үлгілері әзірленді. Алматыда полицейлер кәсіби мерекелеріне орай ақпараттық-имидждік науқан бастады.

Телевизиялық “Қазақстан полициясының құрдастары”, “Менің әкем/анам – полицей”, “Отбасы әулеттері”, “Арамыздағы қаһармандар” және “Үздік полицей” айдарлары арқылы азаматтар ҚР ІІО-ның құрылу тарихымен және заманымыздың қаһармандарымен танысады. Ал үздік тергеушілер, криминалистер, жедел уәкілдер, кинологтар мен учаскелік полиция қызметкерлері мереке қарсаңында қаланың электронды бордтарында көрсетіледі.

– Бүгінгі таңда қаламыз өзінің қайталанбас келбетін сақтап қана қоймай, жыл сайын қарқынды дамып, көркейіп келеді. Алматылықтардың қауіпсіздігі мен тыныштығы мереке және демалыс күндеріне қарамастан, күні-түні 6 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейтін үлкен және көп функциялы мемлекеттік орган – полиция департаментіне жүктелген. Бүгінгі таңда Алматы қалалық полициясында қылмысқа қарсы күрес жүргізуге, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге барлық қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктер бар, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Мерекелік іс-шаралар ІІО басшыларының, полиция ардагерлерінің, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыстарының, сондай-ақ ПД-нің қызметтері мен бөлімшелерінің жеке құрамының қатысуымен өтетін мерекелік концертпен аяқталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру