Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда құқық бұзушы полиция қызметкеріне пара бермек болған

Алматыда құқық бұзушы полиция қызметкеріне пара бермек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

М. есімді азамат мамандандырылған патрульдік полиция батальонының инспекторына 30 мың теңге көлемінде пара бермек болған. Оның BMW көлігін Алматы қаласының Түрксіб ауданында полиция қызметкерлері тоқтатқан.

– М. есімді азаматтың жүргізуші куәлігі жоқ және оны ешқашан алмағаны белгілі болды. Ол бірден көлік жүргізуден шеттетілді. Оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды. Әкімшілік хаттаманы толтыру кезінде жүргізуші инспекторлардың қызметтік көлігіне жақындап, артқы сол жақ есікті ашып, салонға ақшаны лақтырып жіберген. Бұл жайтты бірден байқаған инспектор кезекшіге хабарлаған. Тергеу-жедел тобы банкноттарды тәркіледі. Пара беру дерегі ҚР ҚК-нің 367-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, – деді Алматы қалалық ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ерік Жұмабай.

Сондай-ақ бөлімшеде жыл басынан бері integrity check жобасы аясында алматылық полицейлер пара берудің 16 дерегін хабарлағанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру