Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері 80-нен астам ЖҚЕ бұзушылығын анықтады

Ақмола полицейлері оқу орындарының жанында жол желісін тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 мамыр күні өңірде “Назар аударыңыздар, балалар!” кең ауқымды республикалық науқаны басталды. Науқанның мақсаты – автожолдардағы жол-көлік оқиғаларының деңгейін тұрақтандыру, әсіресе балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларына жол бермеу.

Науқанның алғашқы күні ақмолалық тәртіп сақшылары білім беру ұйымдарына іргелес аумақтарға 40-тан астам зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осы тексерулердің нәтижелері бойынша құзыретті органдардың атына 19 ұйғарым шығарылды, жол белгілері ауыстырылды, үш жаяу жүргіншілер өткелі жабдықталды.

Автожолдарда жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарының алдын алу үшін патрульдік полиция нарядтары күшейтілді. Тек бір тәуліктің ішінде полицейлер 80-нен астам ЖҚЕ бұзушылықтарын, оның ішінде балаларды ұстау құрылғысын пайдаланбау деректерін анықтап, жолын кесті.

“Назар аударыңыздар, балалар!” акциясының алғашқы күні полиция қызметкерлері алдын алу жұмыстарымен 400-ге жуық баланы қамтыды.

Ауқымды іс-шара мамыр айының соңына дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру