Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда құжаты жоқ 135 шетелдік азамат қабылдап-таратуға орналастырылды

Алматыда құжаты жоқ 135 шетелдік азамат қабылдап-таратуға орналастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы барысында көші-қон қызметі заңсыз мигранттарды анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр.

– Тек соңғы аптада жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 135 шетелдік азамат қабылдап-таратуға орналастырылды. Алыс шетелдердің 32 азаматы, оның ішінде Түркияның 13 азаматы және Африка құрлығы елдерінің 9 азаматы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған көршілес елдерден 179 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар спикердің айтуынша, қазірдің өзінде 27 шетелдік елден шығарылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру