Алматыда қылмыс саны 34%-ға азайды
Алматыда қылмыстық ахуал тұрақты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда қылмыс 34 пайызға азайды. Мұндай мәліметтерді еліміздің ірі шаһарының полицейлері ПД қызметі мен бөлімшелерінің ағымдағы жылдың 6 айындағы жұмысының қорытындысын шығара отырып, келтіріп отыр.
Мына қылмыстардың саны азайды:
- аса ауыр қылмыс саны - 2,5 есе;
- ауыр қылмыс - 40,1%-ға;
- кісі өлтіру - 7,5 есе;
- қарақшылық шабуылдар - 2,3 есе;
- адам денсаулығына ауыр зиян келтіру - 30,1%-ға, оның ішінде өлімге әкеп соққан деректер - 27,8%-ға;
- зорлау - 2,2 есе;
- интернет-алаяқтық - 13,6%-ға;
- тонау - 11,8%-ға;
- бөтеннің мүлкін ұрлау - 44,0%-ға;
- бұзақылық - 7,8 есе;
- алаяқтық - 16,1%-ға;
- мас күйінде жасалған қылмыс саны - 21,0%-ға;
қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылықтар саны - 6,2%-ға, оның ішінде көшеде жасалған құқық бұзушылықтар 26,5%-ға азайды.