Алматыда қызыл төлқұжаттары бар 70-тен астам адам құжатталды
Алматыда қызыл төлқұжаттары бар 70-тен астам адам құжатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы көші-қон қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері Алматы қаласында 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспорты негізінде 71 адамға Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттар берілген.
– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы #852 қаулысының, «Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұруға ықтиярхатын, жеке куәліктерін, азаматтығы жоқтар және босқындарды тіркеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою ережесін бекіту туралы» талаптарына сәйкес, 1974 жылғы үлгідегі паспорт негізінде алғаш рет жеке куәлік алған азаматтар (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарға, олардың, Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын 13-пішін бойынша Алматы қалалық ПД КҚБ азаматтық және иммиграция бөлімі анықтама беру арқылы растағаннан кейін немесе Қазақстан Республикасының аумағында туғандардың және тұрақты негізде тұратын азаматтарға беріледі, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Құжатталғандардың арасында – 54 жастағы Асылбек Омарбековте бар. Биылғы жылдың 24 қыркүйегінде ол бірінші болып Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алды. Ер адам денсаулығына байланысты көрсетілген құжатты уақытында рәсімдей алмады және осы уақыттың бәрінде ескі төлқұжатпен өмір сүрген болып шықты.
– Мен көші-қон халыққа қызмет көрсету орталығына ескі төлқұжатымды жоғалтып алғаннан кейін бардым. Олар маған көмектесті, жеке куәлікті қолыма берді. Көмектері үшін оларға көп рахмет, – деді Асылбек Омарбеков.