Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құрбысының телефонын ұрлап кеткен әйел өз кінәсін мойындады

Қарағандылық полицейлер құрбысынан ұялы телефонды ұрлаған әйелдің әрекетін әшкерледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қыркүйекте Қарағанды қаласы Оңтүстік-шығыс ПБ-не 28 жастағы қала тұрғыны арызданды. Әйелдің айтуынша, 50 мың теңге тұратын телефонын біреу ұрлап кеткен. Ұрлық жасауға танысы барғанын айтты, себебі соңғы рет үйінде сол адам қонақта болған. Бірақ, құрбысы ұрлық жасамағанын айтқан. Құқық қорғаушылардың алдында 30 жастағы әйел сөзінде тұрды. Құрбысы сенім артпаған күдіктінің сөзіне сенбеген полицейлер, ұрланған ұялы телефонның нөміріне қоңырау шалды. Телефонның қоңырауы күдіктінің сөмкесінен шықты. Бұлтартпас дәлелдермен, қылмыскер кінәсін мойындады.

Қылмыстық іс ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру