Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда Safari Mebel басшысы қамауға алынды

Алматыда Safari Mebel басшысы қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелген қылмыстық іс Алматы қалалық ПД ТБ-ның өндірісінде екендігін еске сала кетейік.

– Қылмыстық іс материалдарынан Safari Mebel фирмасының директоры С. есімді азаматтың және басқа да тұлғалардың әлеуметтік желіде өз қызметі туралы хабарландырулар орналастыру арқылы тұтынушыларды қызықтырған. Сенім білдірген азаматтар жарнаманы көріп, қызметтің ашықтығына күмән келтірмей, хабарласты. Күдіктілер тұтынушылардың сеніміне кіріп, қырағылығын бәсеңдету үшін нақты тапсырыс бойынша өлшемдер жүргізіп, алдын ала төлем алған, тіпті оны өндіруге нақты мүмкіндіктері болмаса да, жиһаздарын жасау мен орнатуға келісім-шарттар жасаған. Нәтижесінде, алданған азаматтар тапсырыс орындаушылардан аңсаған жиһаздарын ала алмаған. Олар тұтынушылардың төлеген ақшаларын да қайтармаған, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Қазіргі уақытта 30-дан астам азамат осындай арызбен жүгінген. Жалпы материалдық шығын 32 млн теңгеден асады.

– Осы күдіктілердің қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтар бізге 8-777-250-68-37 Ерғали Ибраимов және 8-701-624-28-24 Қайрат Қасымбаев телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз, – деді Рүстем Әбдрахманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру