Таныстарын алдаған қос семейлік анықталды
Таныстарын алдаған қос семейлік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпан айының ортасында Өскемен қалалық ПБ Солжағалау полиция бөлімінің «102» жедел арнасына облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны жүгініп, қаңтар айының басында оның танысы жаңа ұялы телефонға қосымшаларды орнатуға уәде беріп, бағасы 120 мың теңге тұратын телефонын иемденіп алғанын хабарлаған. Алайда осы уақытқа дейін смартфонды қайтармаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері 22 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Күдіктіден жауап алу барысында ол кінәсін мойындаған.
Сол күні тағы бір алаяқтың арбауына түскен қала тұрғыны полицейлерден көмек сұрап жүргінген.
Семей қалалық ПБ Затон ПБ кезекші бөліміне 19 жастағы Семей тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші досына несиені төлеуге көмектесемін деп 200 мың теңге беріп, алайда қаражатты осы уақытқа дейін қайтармағанын айтқан.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полицейлер күдікті азаматты қолға түсірген, ол 21 жастағы Семей тұрғыны болып шықты.
Ұсталғандардың екеуіне де қатысты келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның санкциясында 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.