Алматыда сотталғандардан тыйым салынған заттар табылды
Алматыда сотталғандардан тыйым салынған заттар табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ның №13 мекемесінде тыйым салынған заттарды анықтау мақсатында жоспарлы тінту жұмыстары жүргізілді.
Аталған мекемеде режимдік тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сотталғандардың заңсыз әрекеттерінің жолын кесуге бағытталған тінту жұмыстарына ІІМ-нің кинологиялық орталығының мамандары да атсалысты. Қызметтік иттердің қырағылығы нәтижесінде тінту кезінде сақтауға тыйым салынған үш телефон табылды.
Анықталған фактілер бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мекеме аумағында синтетикалық есірткі және тыйым салынған заттардың енуіне жол бермеу және анықтау мақсатында мұндай іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады.