Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан тіркелмеген қару тапты

Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан тіркелмеген қару тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Жетісай ауданының аумағында заңсыз қару сақтау фактісін анықтады.

Нақтырақ айтсақ, полицейлер “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тұрғындардың бірінің үйінен тіркелмеген 16 калибрлі аңшы мылтығын тапты. Тәртіп сақшылары заңсыз сақталған атыс қаруын тәркіледі. Бұл факт Жетісай аудандық полиция бөліміне тіркеліп, бүгінде барлық қажетті іс-шаралар атқарылып жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Естерте кетсек, Түркістан облысы аумағында “Қару” іс-шарасының төрт тәулігінде тәртіп сақшылары заңсыз сақталған, тіркелмеген 20 қару тәркіледі. Түркістан облысының полицейлері атыс қаруын заңсыз сақтауға және қолдануға байланысты қылмыстардың жолын кесуді анықтауға бағытталған мұндай профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілетінін жеткізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру