Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда стационарлық посттың полицейі көшедегі қарақшыларды ұстады

Алматыда стационарлық посттың полицейі көшедегі қарақшыларды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті тұрғын полицияға қылмыс туралы хабарлады. Ер адамның айтуынша, «Сайран» автовокзалы аймағындағы аялдамада белгісіз екі адам оған жақындап, физикалық күш көрсетемін деп қорқытып, ұялы телефоны мен ақшасын алып кеткен.

– Шабуылдаушылар қылмыс орнынан қашуға тырысты. Бірақ жәбірленушінің стационарлық модульдік постта қызмет еткен полиция қызметкеріне дер кезінде жүгінуі шешуші рөл атқарды. Полиция қызметкері күдіктілердің екеуін де “ізін суытпай” ұстады. Бұл 38 жастағы К. және 29 жастағы Х.есімді азаматтар. Олар өз кінәларын мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді және нағыз иесіне қайтарылды. Бұл уақытта қылмыскерлер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 1,3-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру