Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мас ауыл тұрғыны жалған нөмір тағылған көлікті басқарған

Павлодар облысында мас ауыл тұрғыны жалған нөмір тағылған көлікті басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Тереңкөл ауылында полицейлер ВАЗ 2106 автокөлігін тоқтатты.

– Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрғанын анықтады. Медициналық тексеру полицияның күдігін растады. Онымен қоса, тексеру барысында автокөліктің жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен жүргені де белгілі болды. Жүргізушінің өзі ештеңені түсіндіре алмады. Аталмыш факті бойынша, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 және 590-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды, – деп хабарлады Павлодар облысы Тереңкөл ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Серік Асылбеков.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бері павлодарлық полицейлер мас күйінде көлік жүргізген 956 жүргізушіні жауапқа тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру