Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда Тәжікстан азаматы заңсыз жұмыс жасаған

Алматыда Тәжікстан азаматы заңсыз жұмыс жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматының полиция қызметкерлері “Мигрант” жедел алдын алу іс-шарасы аясында жеке тасымалдаумен айналысатын шетелдіктерді анықтау шараларын жүргізіп жатыр.

– Өткен тәулікте Яндекс Такси қосымшасы  арқылы заңсыз жұмыс жасаған Тәжікстан азаматы анықталды. Оның жолаушыларды тасымалдауға тиісті рұқсаты болмаған. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін күдікті әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Еске салайық, 20-28 ақпан аралығында қала аумағында республикалық “Мигрант” жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

Мақсаты – тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзу деректерін анықтау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру