Алматыда террористік қауіп-қатердің «қызыл» деңгейі әлі сақталуда
Алматыда террористік қауіп-қатердің «қызыл» деңгейі әлі сақталуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабы Алматы аумағында антитеррорлық іс-шара режимі және террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейінің сақталғандығы туралы хабарлайды.
Терроризмге қарсы іс-шаралар аясында Алматы қалалық ПД, Ұлттық ұланның және ҚР қорғаныс Министрлігінің әскери қызметкерлерінің күштері қаланы тәулік бойы патрульдеуді қамтамасыз етеді. Блокпосттар жұмысын жалғастыруда.
Террорлық қауіп-қатердің «қызыл» деңгейінде құқық қорғау органдарына азаматтардың заттарын, көлік құралдарын жеке тінтуге, сондай-ақ олардың қозғалысын уақытша шектеуге немесе тыйым салуға рұқсат етілгенін еске саламыз. Шерулер мен митингтерге тыйым салынады.
Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, олардың заңды талаптарын орындауларыңызды сұраймыз.
Антитеррорлық іс-шара режимінің аяқталу мерзімі туралы қосымша хабарланады.