Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда террористік қауіп-қатердің “қызыл” деңгейі әлі сақталуда

Алматыда террористік қауіп-қатердің “қызыл” деңгейі әлі сақталуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабы Алматы аумағында антитеррорлық іс-шара режимі және террористік қауіптіліктің “қызыл” деңгейінің сақталғандығы туралы хабарлайды.

Терроризмге қарсы іс-шаралар аясында Алматы қалалық ПД, Ұлттық ұланның және ҚР қорғаныс Министрлігінің әскери қызметкерлерінің күштері қаланы тәулік бойы патрульдеуді қамтамасыз етеді. Блокпосттар жұмысын жалғастыруда.

Террорлық қауіп-қатердің “қызыл” деңгейінде құқық қорғау органдарына азаматтардың заттарын, көлік құралдарын жеке тінтуге, сондай-ақ олардың қозғалысын уақытша шектеуге немесе тыйым салуға рұқсат етілгенін еске саламыз. Шерулер мен митингтерге тыйым салынады.
Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, олардың заңды талаптарын орындауларыңызды сұраймыз.

Антитеррорлық іс-шара режимінің аяқталу мерзімі туралы қосымша хабарланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру