Алматыда тонаушылардан тұрмыстық заттар мен қару-жарақ арсеналы тәркіленді
Алматыда тонаушылардан тұрмыстық заттар мен қару-жарақ арсеналы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция шөп шабатын құрал, май батареясы, құрылыс кептіргіші – осының барлығын, оқ-дәрі арсеналын есептемегенде, тонаушыны ұстау кезінде тәркілеген.
Алатау аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері үйді аралау барысында 42 жастағы К.есімді азаматты ұстады.”Самғау” шағын ауданындағы тұрғын үйді тексеру кезінде Volkswagen автокөлігінен тонау кезінде ұрланған тауарлар табылды.
МЦ 106, К-12 маркалы тегіс ұңғылы мылтық; 5 қалта пневматикалық патрондар; 5 оптикалық көздеуіш; бір оқ өткізбейтін киім; сапер күрегі мен 6 әскери шалбар белбеуі – қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасау кезінде ұрланған.
Құрылыс маркетіне шабуылдаған кезде қаскүнем 3 шөп шабатын құрал; сорғылар, құрылыс кептіргіші, май батареялары және басқа да құрылыс жабдықтарын ұрлаған.
Аталған факті бойынша Алмалы және Әуезов аудандарының Полиция басқармаларында сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.