Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер жоғалған Щучинск қаласының 69 жастағы тұрғынын іздестіруде

Полицейлер жоғалған Щучинск қаласының 69 жастағы тұрғынын іздестіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Щучинск қаласының 69 жастағы тұрғыны жоғалып, іздестірілуде.

Белгілері: еуропалық келбеті, бойы 160-165 см, шашы қысқа, ақ түскен, дене бітімі орташа, көздері қоңыр.

11 қаңтарда түстен кейін сағат 16:00-де үйден шығып кеткен. Киген киімі: қара түсті бас киім, қара түсті жейде, қара түсті күрте, аяқтарында 36-37 өлшемді қара түсті бәтеңке.

Егер сізге хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адам жайлы қандай да бір мәліметті білсеңіз, дереу Бурабай ауданының полиция бөліміне (8-71636) 6-06-89, 6-06-07 байланыс телефондары немесе 102 нөмірі бойынша хабарлауды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру