Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда түнгі ойын-сауық мекемелеріне рейд жүргізілді

Алматыда түнгі ойын-сауық мекемелеріне рейд жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері учаскелік инспекторлардың, ювеналды полицияның, криминалдық полицияның және көші-қон қызметінің қатысуымен профилактикалық іс-шара өткізді.

Рейдтің мақсаты – түнгі уақытта тұрғындардың мазасын жиі алатын ойын-сауық мекемелерінің заңнама талаптарын сақтауын бақылау. Тексеру барысында қоғамдық тәртіпті бұзу, ғимаратта кәмелетке толмағандардың болу ережелерін сақтамау және көші-қон заңнамасын бұзу деректері анықталды.

Мысалы, барлардың бірінде тыныштықты және көші-қон ережелерін бұзуға қатысты төрт әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Тағы бір мекемеде осындай екі дерек анықталды. Сондай-ақ темекі өнімдерін, кальян мен электронды шылымдарды шегуге тыйым салу талаптарын бұзудың 17 дерегі тіркелді.

- Мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Басты мақсат – құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау. Алматы полициясы бұл бағытта жүйелі түрде жұмысын жалғастыратын болады. Сонымен қатар ойын-сауық орындарының иелеріне заң талаптарын қатаң сақтаудың, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі клубтар мен барларда болуына жол бермеудің маңыздылығын еске саламыз, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ержан Оразаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру