Алматыда түнгі стриптиз-клуб қонақтарды қабылдаған
Алматыда түнгі стриптиз-клуб қонақтарды қабылдағаны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы Полициясы департаменті криминалдық Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шаралар және азаматтардың жаппай болатын жерлеріне бақылау жүргізу барысында қонақтарды қабылдаған түнгі стриптиз-клубты анықтады.
– Полиция Алмалы ауданындағы Наурызбай батыр көшесіндегі үйлердің бірінің жертөлесінде орналасқан стриптиз-клубты анықтады. Тәртіп сақшыларының сапары кезінде жұмыс орнында ер адамдарға қызмет көрсететін 13 қыз болған. Қыздардың Алматыға Қазақстанның барлық аймағынан жұмыс істеуге келгені анықталды.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ, гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін ҚР ӘҚбК-нің 425-бабы бойынша құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.