Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әлеуметтік желі арқылы танысу жеке мүліктің ұрлануына алып келді

Әлеуметтік желі арқылы танысқан жігіт қыздың пәтерінен ұялы телефонды ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны әлеуметтік желі арқылы жігітпен танысып, жалдамалы пәтеріне қонаққа шақырған.

Жігіт пәтерде қыздың назары басқа жақта болғанын пайдаланып, “Huawei” маркалы ұялы телефонын ұрлап алған. Содан кейін пәтерден кетіп қалған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде телефонды ұрлаған күдікті ұсталды. Күдіктінің бұрын сотталғаны анықталды және Нұр-Сұлтан қаласында уақытша тұрады. Ұрланған телефон тәркіленді және иесіне қайтарылды.

Ұсталушыға қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осы секілді қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру