Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрлық жасаған адам хабарландыру сайтында орналастырылған сурет арқылы табылған

Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері бағасы 80 мың тенге тұратын “BMW” маркалы велосипед ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер тексеріс жүргізу барысында ұсталған адамның танысына қонаққа барған кезде дәлізде қараусыз тұрған велосипедке көзі түскенін анықтаған. Күдікті дәлізде бірде-бір адамның болмағанын пайдаланып, велосипедті ұрлап әкеткен. Кейін пайда көру мақсатында ұрланған затты “OLX” сайтында орналастырған.

Велосипедтің иесі велосипедінің ұрланғаны жөнінде полицияға хабарласқан.

Кейін аталған әйел “OLX” мобильді қосымшасын қарап отырып, белгісіз адамның сатуға қойған велосипедінің суретінен өз велосипедін таныған.  Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталған.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы бойынша (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сондай-ақ ұсталған адамның бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтардан қырағылық танытуын, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауын сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру