Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда тұрғын үйдің ауласынан мопед ұрлаған күдікті ұсталды

Алматыда патрульдік полиция қызметкерлері  тұрғын үйдің ауласынан мопед ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Танк маркалы мопед ұрлығының «ізі суымай» ашылды. Бұл қылмысқа қатысты күдікті ретінде 20 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

– Түн ортасында 20 жастағы К.есімді күдікті Радищев көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйдің ауласына кіріп, мопедті ұрлап кеткен. Күдіктіні «Буран-174» экипажы ұстады. Ұрланған мопед көлігі заттай айғақ ретінде сот алды тергеу тізіліміне ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелген қылмыстық іс бойынша тәркіленді. Күдіктінің осы іспеттес өзге қылмыстарға қатысы болуы мүмкін деген болжамдар толық қарастырылатын болады, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру