Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының қос полицейіне пәтер кілті табысталды

Абай облысының қос полицейіне пәтер кілті табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау мәселелеріне әрқашан ІІМ басшылығы тарапынан ерекше назар аударылады. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жақсарып, жалақы өсіп және тұрғын үй жағдайлары жасалып жатыр.

Полиция қызметкерлеріне еңбек жағдайларын жақсарту үшін олардың тұрғын үй-тұрмыстық мәселелерін шешуде қолдау көрсету мақсатында, Көкпекті АПБ басшылығы аудан әкімдігімен өзара іс-қимыл бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

20 сәуір күні аудандық әкімдік ғимаратында мемлекеттік қызметтік пәтерлердің кілттерін штаб инспекторы Рустам Құрмашев пен анықтау тобының аға анықтаушысы Қанатбек Айтқалымовқа салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті, аталған полиция қызметкерлері жылдар бойы ІІМ-де өз жұмысында нәтижелі қызмет атқарып келеді.

– Әкімдік пен полиция бөлімінің басшылығына, полиция департаментінің бастығына көрсеткен қолдаулары үшін алғысымды білдіргім келеді, – деді штаб инспекторы Рустам Құрмашев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру