Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Құқықтық тәртіп” ЖПІШ: Ақтөбе облысында 6 мас жүргізуші анықталды

Ақтөбе облысында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күнінде алты мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26-28 сәуірі аралығында облыс аумағында “Құқықтық тәртіп” жоспарлы республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күнінде облыс бойынша бұрын жасалған екі қылмыс ашылды. Іздеуде жүрген бір адам ұсталды. Нөлдік төзімділік тәртібімен 161 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер – 24, ұсақ бұзақылық – 44, спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру бойынша 73 дерек тіркеліп, қабылдап-тарату мекемесіне үш адам орналастырылды.

Жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты 268 дерек анықталды, оның ішінде мас күйінде автокөлікті басқару – 6, қарсы жолаққа шығу – 4, белгіленген қозғалыс жылдамдығын асыру – 201, жаяу жүргіншілерге қозғалыс артықшылығын бермеу – 7, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы бойынша 50 факті анықталды.

Мысалы, 26 сәуірде Әйтеке би ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Т.Жүргенов ауылындағы Ә.Молдағұлова көшесі бойында ауыл тұрғынының басқаруындағы Renault Duster автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде автокөлік жүргізушісінің алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, жүргізуші сотқа дейін әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру