Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер қалта ұрысын құрықтады

Елордалық полицейлер қалта ұрысын құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға елорда тұрғыны Samsung А-53 телефонын және банк картасын ұрлау туралы арызбен жүгінді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 34 жастағы ер адамды ұстады.

Түскі уақытта №33 маршруттық автобус салонында ер адам жолаушының күртешесінің қалтасынан ұялы телефон мен картаны ұрлағаны анықталды. Материалдық шығын көлемі 174 мың теңгені құрады.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұрлыққа қатысы бар адам мойындау көрсетпелерін берді. Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Астана қаласының полиция департаменті жеке мүлігіңізді ұрламау үшін сақ болуды ұсынады. Қоғамдық көлікте болған кезде құнды заттарды оңай қол жетімді жерлерде сақтамаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру