Алматыда тұрғынның пәтерінен есірткі қоймасы анықталды
Алматыда тұрғынның пәтерінен есірткі қоймасы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жойды.
Әуезов ауданының тұрғындарының бірі өзінің пәтерінде есірткі заты – героинді қолдану үшін үй-жай беріп, есірткі үйін ұйымдастырған. Пәтерді тінту кезінде электронды таразылар, пайдаланылмаған шприцтер, құрамында өсімдік тектес және ұнтақ түріндегі заттары бар байламдар табылып, тәркіленді.
– Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-химиялық сараптама тағайындалды, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.