Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 7 адамды алдап соққан күдікті ұсталды

Түркістан облысында 7 адамды алдап соққан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш полициясы алаяқтық қылмысын ашты. Яғни тұрғын үй кезегін жылжытып беремін деген 31 жастағы күдікті әйел жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде ұсталды.

Белгілі болғандай, күдікті әйел жәбірленушінің сеніміне кіріп, алдын ала 100 мың теңге ақшасын алып, хабар ошарсыз кеткен. Полиция қызметкерлері оның бұдан өзге 6 тұрғыннан алаяқтық жолмен ақша алғанын анықтады.

Яғни оларды да үй алып беремін деген жалған сөздеріне сендіріп, алаяқтығын кәсіпке айналдырған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру