Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері Жол жүрісі қағидаларына енгізілген өзгерістерді мұқият зерделеуге кеңес берді

СҚО полицейлері Жол жүрісі қағидаларына енгізілген өзгерістерді мұқият зерделеуге кеңес берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері жол қозғалысының қатысушыларына 6 мамыр дүйсенбі күні күшіне енетін Жол жүрісі қағидаларының өзгерістерін мұқият зерделеуді ұсынады.

Атап айтқанда, “үзіксіз тұтас бір сызықты” кесіп өту үшін жауапкершілік өзгерді, бұл енді жолдың қарсы қозғалыс бөлігіне шығып жүрумен теңестірілді. Сондай-ақ елді мекендердегі автобустардың жылдамдығын 50 км/сағ дейін төмендету көзделген, М3 (автобустар) санатындағы барлық көлік құралы үшін маршруттық көлік құралдарына арналған жолақта қозғалуына болады.

Енді “Мүгедектігі бар адам” деген танымдық белгіні көлік құралына 3 топтағы мүгедектігі бар адамдар да пайдалана алады. Сонымен қатар көлік құралына жапсырылатын «Электрмобиль», “Газ баллонмен жабдықталған автокөлік” деген жаңа танымдық белгілер енгізіліп отыр.

Бұған қоса, “электросамокат жүрісіне тыйым салынады”, “параллель жатқан жол бөлігіне өту”, “параллель жол бөлігінің соңы”, “диагональды жаяу жүргіншілер өткелі” және т.б. жаңа жол белгілері енгізілмек.

– “Жол жүрісі қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бұйрығымен үстіміздегі жылдың 17 сәуірінде Жол жүрісі қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер ҚР ІІМ-нің ресми ресурстарында жарияланды. Енгізілген барлық өзгерістерді түсініп, біліп жүру қажет. Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтаңыздар, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Александр Розбах.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру