Алматыда учаскелік полиция қызметкерлеріне әлеуметтік желіде 470 мыңнан астам адам жазылды
Алматыда учаскелік полиция қызметкерлеріне әлеуметтік желіде 470 мыңнан астам адам жазылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Құқық бұзушылықтардың алдын алудағы басты күш – полицияның учаскелік инспекторлары. Олар өз аймақтарының тұрғындарымен тығыз байланыста.
– Бүгінгі таңда әрбір учаскелік полиция қызметкері ПИК және оның белсенді тұрғындарымен чаттар мен мессенджерлерде отырады. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алуға байланысты мәселелерге жедел жауап беруге және аумақтағы жағдайды үнемі бақылауға мүмкіндік береді. Әр учаскелік полицейде «Facebook»-те тұрғындар хабарласа алатын жеке парақшасы бар. Олардың жазылушыларының саны 470 мың адамнан асады. Мұндай шаралар полицияға хабарласу санын азайтуға көмектесті, өйткені сұрақтар учаскелік инспекторларға тікелей жолданады. Шағымдардың жалпы саны 12-ден жеті мыңға дейін азайды, – деді Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.
Сонымен қатар, спикер, аймақты айналып өтіп, жалға берілетін пәтерлерді анықтау – учаскелік инспектордың жұмысындағы тиімді шаралардың бірі екенін атап өтті. Талдау көрсеткендей, мұндай пәтерлерде негізінен оперативті қызығушылық танытатын адамдар тұрады.
– Біз жалдамалы тұрғын үймен 15 мың мекен-жайды анықтадық. Барлық тізімдер салық органдарына жіберілді. Бүгінгі күні қалада 480 учаскелік полиция инспекторы мен 113 көмекшісі жұмыс істейді. Сонымен қатар оны нормаға келтіру үшін бізге қосымша 407 учаскелік қызметкер қажет. Биыл біз осы норманы сәйкестендіру бойынша жұмысты бастаймыз. Қолданыстағы 113 учаскелік полиция көмекшісі учаскелік полиция инспекторларына беріледі. Айта кету керек, биыл қала әкімі учаскелік инспекторлар үшін 29 қызметтік үй алуды көздейтін үш жылдық жұмыс жоспарын бекітті. Учаскелік инспекторлар әрдайым өздерінің әкімшілік аймақтарында болуы үшін және тұрғындар учаскелік қызметкердің әрдайым жанында екендігін білуі үшін, инспекторларға арналған қызметтік пәтерлерді сол ғимараттарда беру қарастырылуда. Бұл барлық оқиғаларға жедел ден қоюға және жақын маңда болуға мүмкіндік береді, – деді Қанат Таймерденов.