Алматыда ұрлықпен айналысып жүрген күдікті ұсталды
Алматыда ұрлықпен айналысып жүрген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол қоғамдық көлікте жолаушының телефонын ұрлау кезінде ұсталды.
– Аялдамада ұрлық жасаған 44 жастағы күдікті ұсталды. Оның қылмыстық олжасы POCO M5 телефоны болды. Ол оны әйелдің күртесінің қалтасынан ұрлап, оған 100 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген. Тергеудің осы кезеңінде ұсталған азаматтың осыған ұқсас 4 ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Күдікті негізінен аялдамаларда, атап айтқанда қарбалас уақытта ұрлық жасап жүрген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды, – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Әбдінұр Тасыбаев.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.