Алматыда ұялы байланыс орталығын тонағандар ұсталды
Алматыда ұялы байланыс орталығын тонағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Медеу аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері 22 ұялы телефон ұрлаған төрт тонаушыны ұстады.
Олар «Әйгерім-2» ықшамауданындағы жалдамалы баспанада ұсталды. Күдіктілердің ең үлкені 29 жаста болса, ең кішісі – 24-те.
Анықталғандай, 6 қаңтарға қараған түні бұзақылар тобы ұялы байланыс орталығына кіріп, түрлі маркадағы ұялы телефондарды ұрлап кеткен.
Ұсталғандар – Алматы облысынан келгендер. Олар қылмыс жасағанын мойындады.
Қазіргі уақытта ұсталғандардың жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде.