Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ұялы байланыс орталығын тонағандар ұсталды

Алматыда ұялы байланыс орталығын тонағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Медеу аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері 22 ұялы телефон ұрлаған төрт тонаушыны ұстады.

Олар “Әйгерім-2” ықшамауданындағы жалдамалы баспанада ұсталды. Күдіктілердің ең үлкені 29 жаста болса, ең кішісі – 24-те.

Анықталғандай, 6 қаңтарға қараған түні бұзақылар тобы ұялы байланыс орталығына кіріп, түрлі маркадағы ұялы телефондарды ұрлап кеткен.

Ұсталғандар – Алматы облысынан келгендер. Олар қылмыс жасағанын мойындады.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру