Алматыда заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды
Алматыда заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалалық көші-қон қызметі көршілес елдердің азаматтары курьерлік қызмет көрсетумен айналысып жүргенін анықтады.
– Алматы қаласы Бостандық ауданында көші-қон заңнамасын өрескел бұзып, елімізде жүрген жеті шетелдік ұсталды. Оның үстіне олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмағандықтан, олар қабылдап-таратуға орналастырылды. Одан әрі сот шешімімен құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, туған еліне жер аударылады. Бұған дейін де бірнеше рет айтқанымыздай, Алматы – Қазақстанның ірі шаһары. Қаржы және мәдени орталығы ретінде шетел азаматтары мұнде жиі келеді. Дегенмен, біздің елге келу және мұнда болу талаптарын бұзбауға шақырамын, – деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.