Алматыда заңсыз жұмыс күшінің тағы бір партиясы анықталды
Алматыда заңсыз жұмыс күшінің тағы бір партиясы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл жолы Алматының Бостандық ауданындағы үш қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысында елге заңсыз келгендер жұмыс істеген.
– Біздің бөлімшенің қызметкерлері Бостандық аудандық ПБ-дағы әріптестерінің көмегімен жұмысқа рұқсаттары жоқ бола тұра еңбек етіп жүрген 16 шетел азаматын анықтады. Оларды қара жұмысшы ретінде жұмысқа алған. Тексеру барысында жоғарыда аталған азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ екендігі анықталды. Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 29-бабына сәйкес материал жинақталып, одан әрі полиция Департаментінің қабылдап-таратуына орналастыру үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон басқармасы қызметінің басшысы Асхат Бутунчинов.
Полиция, 6 желтоқсаннан бастап шаһар аумағында заңсыз көші-қон арналарын, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған адамдарды анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ, қаладағы қылмыстық жағдайды жақсартуға бағытталған «Келімсек» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатқанын еске салды.