Алматыда зейнеткер аумақтағы тәртіп пен тыныштық үшін полицейге алғысын білдірді
Алматыда зейнеткер аумақтағы тәртіп пен тыныштық үшін полицейге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қалалық ПД басшылығына жолданған алғыс хатта Бостандық аудандық ПБ-ның учаскелік инспекторы Бекболат Жанболатовқа қатысты оң пікір жазылғандығын көрсетеді.
– Жұмыс барысында 57-ші учаскелік пунктінің полицейі Жанболатов өзінің жоғары кәсібилігімен және адамгершілігімен ерекшеленді. Ол адамдарға мейіріммен және мұқият қарайды. Бекболат азаматтарға өте сауатты, сыпайы сөйлейді. Ол үнемі жергілікті халықтан барлығы дұрыс па деп сұрайды, тез арада заңдылық пен тәртіпті бұзудың жолын кеседі. Қазір ата-аналар балаларын ойын алаңдарына жіберуден қорықпайды, саябақтарда маскүнемдік тоқтады, мектеп оқушылары кешкі уақытта сабақтан қайтудан қорықпайды, – деді хаттың авторы.
Алматы тұрғыны қалалық полиция басшылығы мен жұртшылықты азаматтардың қауіпсіздігіне шын көңілден алаңдайтын нағыз полицей туралы хабардар етуді өзінің азаматтық борышы санайды.
– Бекболат Жанболатовтың жанқиярлықпен жұмыс істеп жатқанына қарап, азаматтар полиция жұмысына құрметпен қарайды. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қиын қызметтерінде алдағы уақытта да табыс тілеймін, – деді зейнеткер.