Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД мекемесінде сотталғандар еңбек етуде

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЕЦ-166/10 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде сотталғандар еңбек етуіне мүмкіндіктер қарастырылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы орайда аталған мекеменің Cотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімі күнделікті сотталғандармен сұхбат жүргізеді. Қылмыстық-атқару кодексінің 119-бабының 1-бөлімінде көрсетілгендей олар жұмыс істеуге құқылы. Осы баптарды іске асыру барысында сотталғандарды мекеме аумағында орналасқан “Еңбек-Аршалы” республикалық мемлекеттік кәсіпорыны филиалына және Нұр-Сұлтан қаласы аумағындағы жеке кәсіпкерлермен, жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт негізінде сотталғандарды ақысы төленетін жұмыспен қамтуда.

Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы Айгүл Даутованың айтуынша, сотталғандарды жұмысқа орналастыру кезінде олардың жынысына, жасына, денсаулық жағдайына, еңбекке қабілеттілігіне қарай жұмысқа тұрғызады. Сотталғандарды толықтай еңбекпен қамту бөлімнің басты міндеттері болып табылғандықтан барлығы 426 сотталған ақылы еңбекпен қамтылған.

Мекемеден тыс орналасқан “Еңбек” республикалық мемлекеттік кәсіпорны тігін цехінде 63 сотталған, мекеме аумағында “Еңбек-Аршалы” тігін цехінде 30 сотталған ақылы еңбекпен қамтылған. Ішкі істер министірінің тапсырмасын іске асыру мақсатында полиция қызметкерлерінің жаңа үлгідегі формасын тігуде.

Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлерімен мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға нан өнімдерін өндіретін, РМК наубайханасына төрт сотталған жұмысқа орналастырылды. Барлық сотталғандар екі ауысымда жұмыс істейді.

– Осы іспен айналысу мен үшін табысты жұмыс болып табылады. Мен нанды пісірудің құпиясын білдім. Мысалы, бір қап ұннан неше бөлке нан пісіруге болатынын және суға қанша қосымша ашытқы мен тұз қосу қажет екендігін жақсы білемін. Наубайханадағы жұмысымның арқасында отбасыма, туған-туысқандарыма қаржылай көмектесемін, – дейді жұмысқа орналастырылған сотталғандардың бірі.


ЕЦ-166/10 мекемесінің наубайханасы қажетті құрал-жабдықтармен – қамыр илегіш, пеш және наубайхана сөрелерімен жабдықталған.

ЕЦ-166/10 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар барлық нормаларға және талаптарға сәйкес күн сайын мыңға жуық бөлке нан пісіреді. Оның ішінде тергеу изоляторына 500-ге жуық бөлке нан пісіреді.

– Өндірісті дамытудың негізгі мақсаты – сотталғандар босатылғаннан кейін қоғамда бұдан әрі бейімдеуден өту үшін қажетті еңбек дағдыларын дамыту болып табылады. Сотталғандар тарапынан өндірістік нысандарда қауіпті оқиғаларды болдырмау мен апат жағдайларға жол бермеу және техникалар қолданыс кезінде сақтық шараларының алдын-алу мақсатында сотталғандарға жұмыс беруші тарапынан техникалық қауіпсіздік бойынша сұхбат жүргізілді.
ЕЦ-166/10 мекемесінің жазасын өтеп жатқан сотталғандар тарапынан санитарлық-гигиеналық тазалық сақтау, жұмыс орнында белгіленген үлгідегі арнайы киімдерді және арнайы құралдарды ұқыптылықпен қарау бойынша әңгімелесу жүргізілді, – деді ЕЦ-166/10 мекемесінің бастығы міндетін атқарушы Нұрғали Ажиханов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру