Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада пробация қызметкерлері есептегі сотталғандарды тексеруде

Елордада пробация қызметкерлері есептегі сотталғандарды тексеруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласында 6-11 сәуір аралығында “Есептегі адам” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Бұзушылықтарды анықтау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы бойынша пробация қызметкерлері Алматы аудандық ІІБ-нің № 8 УПП учаскелік инспекторымен бірлесіп, қоғамнан оқшауланбай жазаға кесілген 142 адамды тұрғылықты жері бойынша тексерді.

Тексеру барысында заң бұзушылықтар анықталмады, есеп берушілер тұрғылықты жерінде болды.

Сонымен қатар, сотталғандармен қайталанатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, тіркеуге уақытылы келу, тұрғылықты жерін өзгерту туралы хабарлау, ойын-сауық мекемелеріне бармау мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізіліп, белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру